Президент Ердоған Мәскеуге барады

Түркия мен Ресей Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің 6-шы кезекті жиналысы өткізіледі.

686403
Президент Ердоған Мәскеуге барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Ресей Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің 6-шы кезекті жиналысына қатысу мақсатымен 10 наурыз жұма күні Мәскеуге барады.

Президенттік аппараттың баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда Ердоған және РФ президенті Путин басшылығында өтетін Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің жиналысына қатысты министрлер де қатысады.

Жиналыста Түркия мен Ресей арасындағы екі жақты қатынастар жан-жақты қолға алынады,  айырықша Сирия сынды екі елге де қатысы бар өңірлік және халықаралық проблемалар жөнінде пікір алмасылады.

Сапар барысында түрлі келісімдерге де қол қойылады.



Ұқсас жаңалықтар