Президент 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Президент 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күніне орай құттықтау жариялады.

686401
Президент 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған әйелдерге қол жұмсауды адам баласына қылмыс деп есептеді.

Президент 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күніне орай құттықтау жариялады.

Ердоған құттықтауында: «Адам баласына қарсы қылмыс деп есептелетін әйелге қол жұмсаудың толығымен жойылуы үшін одан көп жұмыстануымыз керек» деді.

Президент бұл үшін мемлекет пен университеттер және үкіметтік емес ұйымдарға көп жауапкершілік жүктелетінін айтты.

Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымның 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасында қаһармандық көрсеткен әйелдерді де меңзеп; «Әйелдеріміздің пида қорлықтары мен батылдық тарихымызға еш ұмытылмастай болып жазылып қалды» деді.



Ұқсас жаңалықтар