Чавушоғлұ Германияда түрік азаматтарымен бас қосты

Чавушоғлұ «Германияның жүйелі түрде Түркияға қарсы әрекет жасауын қабылдамаймыз» деді.

686838
Чавушоғлұ Германияда түрік азаматтарымен бас қосты
çavuşoğlu almanya1.jpg

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Германияда соңғы кезеңде артқан Түркияға қарсы әрекеттердің қабылдауға болмайтынын айтты.

Германияның Гамбург қаласында түрік азаматтарымен бас қосқан Мәвлүт Чавушоғлұ жиналыс кедергілердің өздерінің мақсаттарынан бас тартқыза алмайтынын, қорықпайтынын және Түркияның осы елде өмір сүрген азаматтармен қарым-қатынастарын үзбейтінін айтты.

Чавушоғлұ Германияда өмір сүрген түрік азаматтарының да қысым астында екеніне назар аударды.

Чавушоғлұ «Германияның жүйелі түрде Түркияға қарсы әрекет жасауын және осы жерде өмір сүрген азаматтарымызға қысым көрсетуін қабылдамаймыз» деді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның мазасыздығын Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэльге жеткізгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар