Экономика министрі Германияға барады

Министр неміс органдары рұқсат бермесе де кездесу өткізетінін айтты.

684129
Экономика министрі Германияға барады

Экономика министрі Нихат Зейбекчи жексенбі күні Германияға баратынын айтты.

Зейбекчи Германияда 5 наурызда өтетін бағдарламасына неміс органдарының зал бермеуіне орай: «Біздің Германиядағы шараларымызды, жиналыстарымызды алып тастап жатыр екен. Жексенбі күні мен барамын.  Маған берілген бұйрық сапарға шығу, жеңіс Алланыкі дейміз. Барамыз, рұқсат бермесе,  үй-үй аралап, Германиядағы азаматтарымызбен кездесеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар