"YPG Мүнбиджтен кері шегінбеген жағдайда оларды да атқылаймыз"

Сыртқы істер министрі Мүнбиджтен кері шегінбеген жағдайда Түркияның YPG террор ұйымын да атқылайтынын мәлімдеді.

683397
"YPG Мүнбиджтен кері шегінбеген жағдайда оларды да атқылаймыз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Мүнбиджтен кері шегінбеген жағдайда Түркияның бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сирия тармағы YPG-ні атқылайтынын білдірді.

Мевлүт Чавушоғлу Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде журналисттерге мәлімдеме жасап, Евфрат қалқаны операциясы аясында Әл-Бабтың ДАИШ террор ұйымынан тазаланғанын атап, «Мақсат Мүнбиджті де тазалап, сол жерде өмір сүрген халыққа елдерін кері қайтару. Әл-Баб толығымен тазаланған соң Мүнбиджке барамыз, бірақ операция қазірше басталған емес. Тез арада YPG-нің Мүнбиджтен шегінуін талап етеміз. Сол қалалардың иесі, сол қалалардың тұрғындары. YPG сол жерден шегінбеген жағдайда оларды да атқылайтын боламыз. Мұны бұрын ашық түрде айтқан болатынбыз» деді.

АҚШ-тық қолбасшылардың АҚШ-тың бұрынғы президент Барак Обаманы кезінде жаңылыстырғанын, алайда Трамп әкімшілігінің бірдей тұзаққа түспеуін үміт еткендерін атап көрсеткен Чавушоғлу «Біздің YPG немесе басқа бір террор ұйымымен болған күресіміз АҚШ-пен дағдарысқа себеп болмауға тиісті. Террор ұйымдарының қасында ешбір одақтасымызды көргіміз келмейді» деді.

YPG мен операция жасаудың Сирияның болашағын құртумен бірдей мағынаға келетінін айтқан Чавушоғлу «Террор кантонын құру деген сөз, АҚШ тез арада бұл қателіктен кері қадам басуға тиісті» деді.

Мевлүт Чавушоғлу режим күштерінің де шығысқа қарай бет алғанын байқағандарын атап, оппозиция мен режим күштерінің кездеспеуі үшін Түркияның Ресеймен келісім жасалғанын білдірді.

Сыртқы істер министрі пешмерга күштеріне Сирияда міндет жүктелетіні жайлы хабарлардың шындыққа жатпағанын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар