YPG мен ДАИШ өзара қару алмасуда

Чавушоғлұ YPG мен ДАИШ-тің өзара қару алмасқанын айтты.

675695
YPG мен ДАИШ өзара қару алмасуда

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы жалғасы YPG мен ДАИШ-тің өзара қару алмасқанын айтты.

Чавушоғлұ Мюнхенде Үлкен 20 тобы сыртқы істер министрлері жиналысына қатысты. Министр жиналыс барысында бірқатар кездесу өткізді. Кездесулерден кейін журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

 Чавушоғлұ Сирияда түрлі топтар арасында бір тараптан сауда ынтымақтастық жасалғанын, бір тараптан бір бірлерін өлтіргенін баяндады. 

Мәвлүт Чавушоғлұ «Берілген қарудың жартысы ДАИШ-ке, жартысы да YPG-ге өткенін байқадық. YPG-нің қолына қару түскен деген сөз, ПКК-нің қолына қару өткен дегендік. Бұл жағдайды операцияларда байқадық. YPG мен ДАИШ өзара күресуде. Олар Сирияның болашағы үшін емес, бір бірлерінен территория алуға тырысуда. Олар бір жағынан  бірлерімен қару алмасуда. Сонымен қатар өзара түрлі сауда жасауда» деді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ Дональд Трамп әкімшілігінің бұрынғы Президент Барак Обама кезінде жасаған қателіктерді аңғарғанын айтты.

Чавушоғлұ Президент Режеп Тайып Ердоған, премьер-министр Бинали Йылдырымның және өзінің АҚШ әріптестерімен өткізген кездесулерде Түркияның YPG тақырыбындағы сезгір екенін жеткізгенін атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар