Ышык НАТО жиналысына қатысуда

Фикри Ышык Сирияның Эль-Баб аймағының қоршауға алынғанын айтты.

673858
Ышык НАТО жиналысына қатысуда

Фикри Ышык Түркия атынан НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына қатысуда.

НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына Түркия атынан Ұлттық қорғаныс министрі Фикри Ышык қатысты. Ышык жиналыс аясында бірқатар кездесулер өткізді.

Бельгияда журналисттердің сұрақтарына жауап берген Ышык Эль-Бабтың террордан тазалануы үшін жұмыстарын жалғастырғанын және бұл жұмысты Еркін Сирия армиясымен бірге істегенін білдірді.

Фикри Ышык Сирияның Эль-Баб аймағының қоршауға алынғанын айтты.        

Ышык «Осы жөнінде Америка Құрама Штаттарыммен бірге жұмыс істеудеміз. Қазірге дейін ойдағыдай нәтиже ала алмадық. Эль-Баб операциясынан кейін екі маңызды мәселеге көңіл бөлеміз. Біреуі Мүнбич, енді біреуі Ракка. Мүнбичте ПКК-ның болғанын қабылдамаймыз. Бұл нысаны жүзеге асыру жөнінде белді бекім байладық» деді.

Ұлттық қорғаныс министрі Ышык АҚШ Бас штаб төрағасы Джозеф Данфордтың ертең Анкараға келетінін айтты.

Ышык Фетуллах террор ұйымы және PYD жөнінде Трамп әкімшілігінің көзқарасының Обама әкімшілігімен бірдей емес екенін ойлағанын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар