TRT мен AFAD арасында ынтымақтастық

Босқындардың даусы мықты естілетін болады.

672355
TRT мен AFAD арасында ынтымақтастық

Түркия Радио Телевидение корпорациясы TRT арқасында босқындардың даусы әлемге мықты естілетін болады.

TRT деректі фильмдер, мультфильмдер және арнайы бағдарламалары арқылы Сириялық босқындардың даусы болады.

Осы салада атқарылатын жұмыстар үшін TRT мен Апат және төтенше жағдай басқармасы AFAD арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

Хаттама аясында AFAD жүргізетін жұмыстарды TRT WORLD арнасы халықаралық аренада таныстырады.

Шатыр кенттерде тұратындар,  нәрестелердің өмірге келуі, қария босқындардың хикаялары, білім беру мен медициналық қызметтер деректі фильмдерге арқау болады.

TRT Сириялық бала кейіпкер жөнінде мультфильм дайындайды.



Ұқсас жаңалықтар