Ердоған Эр-Риядқа барды

Президент Ердоған Сауд Арабиясы королымен кездесті.

671649
Ердоған Эр-Риядқа барды

Президент Режеп Тайып Ердоған бүгін Шығанақ елдеріндегі екінші аялдамасы Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядқа барды.

Президент Ердоғанды Сауд Арабиясы королы Селман бин Абдулазиз әуежайында қарсы алды.

Бүгін король Селман бин Абдулазизбен кездесетін Ердоған ханзада Мұхаммед бин Селманды да қабылдады.

Ресми қарсы алу салтанаты сағат 13:00-де ұйымдастырылды. Рәсімнен кейін король Селман бин Абдулазиз тарапынан Президент Ердоғанның құрметіне түскі қонақасы берілді.

Одан соң делегациялар арасы кездесу өткізіледі. Кездесулерде екі ел арасындағы қарым-қатынастар, аймақтық және халықаралық мәселелер қолға алынды. Сонымен қатар экономика және энергия саласындағы ынтымақтастықтың тіпті де арттырылуы тақырыбы да талқыға салынды.

Президент Ердоғанның сапарына Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ, Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрак, Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык, Бас штаб төрағасы генерал Хулуси Акар және Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Хакан Фидан да қатысты.

 



Ұқсас жаңалықтар