Күдіктілер тұтқындалды

Жаңа жылда ойран салғандар сот алдына шықты.

662847
Күдіктілер тұтқындалды

Стамбулда жаңа жылда бір түнгі клубта 39 адам қаза тапқан шабуылға байланысты 17 күдіктінің оны тұтқындалды.

Тұтқындалғандар арасында шабуылға нұсқау берген адам да бар.

Стамбул Республика бас прокуратурасы террор және ұйымдасқан қылмыстар кеңсесінің тергеуі аясында қамауға алынған адамдардың он жетісі сот алдына шықты.

Сот 20 күн бірге тұрған Абдулгадир Машариповқа шабуыл жасауды нұсқау қылған Ильяс Мамашариповтың тұтқындалуына үкім шығарды.

Машариповтың жұбауы Мархаба Абдоллаева мен 8 күдікті де «атазаңдық жүйені жоюға талпыну» және «Қарулы террор ұйымына мүше болу» қылмыстарынан тұтқындалды.

Бес күдікті болса криминалдық бақылау шартымен еркін жіберілді.

Жаңа жылда Стамбул Ортакөйде 39 адам қаза тапқан еді. Шабуылды жасаған Абдулгадир Машарипов оқиғадан екі аптадан кейін Стамбулда ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар