Түркия Сомалидегі бомбалы шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Сомали мемлекеті мен халқына көңіл айтылды.

659442
Түркия Сомалидегі бомбалы шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Могадишода үкімет лауазымдылары қонып жүрген қонақүй алдында кеше жасалған бомбалы шабуылда көптеген адамның қаза тауып, жарақат алғаны туралы қайғылы хабардың зор күйзеліспен қабылдағаны атап көрсетілді.

Шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымшылығы мен жанұяларына көңіл айтылып, жаралыларға жедел шипа тіленген мәлімдемеде «Бұл террор шабуылын қатаң түрде айыптаймыз. Сомали федералды парламенті сайлауы өткен бір кезеңде жасалған опасыз шабуылдың елдің тұрақтылығын бұзуды нысанаға алынып отырғаны анық. Бұл және ұқсас опасыз террор шабуылдарының Сомалидің бағытын өзгерте алмайтынына сенеміз. Түркия Сомалидің бейбітшілігі пен тұрақтылыққа қол жеткізуі үшін өз жауапкершілігін орындауға дайын. Түркия дос және бауырлас Сомали халқына қолдауын тұрақтылықпен жалғастырады» делінді.

Астана Могадишода алғашқы мәлімдемелерге қарағанда 12 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алған болатын. Бомба тиелген көлікпен жасалған опасыз шабуылдың жауапкершілігін Аш-Шабаб террор ұйымы интернеттен жасаған мәлімдемемен өз мойынына алған еді.



Ұқсас жаңалықтар