Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ-тің 180 нысанасы жойылды

Операцияның 155-ші күнінде ДАИШ-тің 17 террористі өлтірілді

658705
Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ-тің 180 нысанасы жойылды

Сирияның солтүстігіндегі террор нысаналарына бағытталған Евфрат қалқаны операциясының 155-ші күнінде ДАИШ-тің 17 террористі өлтірілді.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда ДАИШ-тен бастап террор ұйымдары төндірген қауіптерді жою, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коалиция күштеріне қолдау беру мақсатты Сирияның солтүстігіне бағыттап, 2016 жылы 24 тамыз күні басталған операция жалғасуда.

Операцияның 155-ші күнінде террор ұйымы ДАИШ-тің 180 нысанасы жойылды. Террор ұйымы ДАИШ-тің баспаналары, қорғаныс бекіністері, бақылау орталығы және қарулары мен көліктері жойылды.

Әуе күштері қолбасшылығының операциясы аясында Әл-Баб аймағында ДАИШ террор ұйымының бір ғимараты да жермен-жексен болды.

Оппозиционерлерге қолдау берген жарылғыш заттар мен материалдарды жою тобы қолдан жасалған 30 жарылғышты жойды.



Ұқсас жаңалықтар