Швейцариядағы Түркияның Цюрих бас консулдығына кеше шабуыл жасалды

Цюрих полициясы оқиғамен байланысты тергеу бастады.

654618
Швейцариядағы Түркияның Цюрих бас консулдығына кеше шабуыл жасалды

Бас консулдық ғимаратының қабырға мен терезелеріне зиян келген шабуыл жайлы Цюрих полициясы тергеу бастады.

Айналадағы видео камера көріністерін тексерген полиция шабуылдың куәгерлерінің полиция бөлімшесіне келіп түсініктеме беруін сұрады.

Швейцарияда террор ұйымы PKK/PYD жақтаушыларының шерулері де соңғы кездері артты.

Өткен апта Түркиядағы террор оқиғалары протест етілген БҰҰ-ның Женева офисі алдындағы шеруде бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның флагын көтерген бір адам тергеуге алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар