Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ-тің 17 террористі өлтірілді

Операцияның 148-ші күнінде ДАИШ террор ұйымының 137 нысанасы жойылды.

653912
Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ-тің 17 террористі өлтірілді

Түрік қарулы күштері тарапынан Сирияның солтүстігіндегі террор ұйымдарының нысаналарына бағытталған Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда. Операцияның 148-ші күнінде ДАИШ-тің 17 террористі өлтірілді.

Түрік қарулы күштері жасаған мәлімдемеге қарағанда ДАИШ-тен бастап, террор ұйымдарынан туындаған қауіптерді жою, шекара қауіпсіздігін күшейту және коалиция күштеріне қолдау беру үшін Сирияның солтүстігіне бағыттап 24 тамыз күні басталған операция жалғасуда.

Операцияның 148-ші күнінде ДАИШ террор ұйымының 137 нысанасы гаубицалар, көп тұмсықты зымырандар және танкілердің атқылауымен жойылды.

Әуе күштері қолбасшылығының соғыс ұшақтары және қаруландырылған пилотсыз ұшу аппараттарымен Әл-Баб және Суфланияхтағы сегіз нысана жойылды. Операцияда 6 баспана, штаб пәтер және бомба тиелген көлік жойылды.

Операция басталған күннен бері көпшілігі тұзақталған 2 мың 945 дана қолдан жасалған бомба мен 43 минаның да жойылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар