Террористпен бірге көп ақша табылды

Стамбул әкімі баспасөзге мәлімдеме жасады.

653055
Террористпен бірге көп ақша табылды

Жаңа жылда Стамбулда бір түнгі клубқа шабуыл жасап, 39 адамды өлтірген Абдулгадир Машарипов ұсталды.

Премьер-министр Бинали Йылдырым журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында террористтің тергеуінің жалғасып жатқанын айтты.

«Маңыздысы - қылмыскердің ұсталуы. Осы шабуылдың артындағы күштердің ортаға шығарылуы.  Бұл біз үшін маңызды оқиға» деді ол.

Стамбул әкімі Васип Шахин де Қауіпсіздік басқармасы төрағасы Мұстафа Чалышканмен бірге баспасөз мәслихатын өткізді. Қанды шабуылда 39 адамның өмірін қиған Абдулгадир Машариповтың күнәсін мойындағанын,  тексеруде саусақ іздерінің сәйкес келгенін білдірді.

Әкімнің айтуынша, террорист 1983 жылғы, Өзбекстан тумасы,  Ауғанстанда әскери дайындықтан өткен, 4 тіл біледі.

Операция барысында террористпен бірге 197 мың АҚШ доллары,  екі дана тапанша және көптеген материал табылған.



Ұқсас жаңалықтар