Измир Әділет сарайына опасыз шабуыл

Измирдегі жарылыстың салдарынан алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 полиция барлығы 7 адам жарақат алды.

645235
Измир Әділет сарайына опасыз шабуыл

Байраклы қала әкімі Хасан Карабағ жаралылардың бірінің жағдайының ауыр екенін білдірді.

Полициямен қақтығысқан 2 террорист өлтірілді, 1 террористті іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Жарылыс Байраклы ауданындағы Әділет сарайының сот төрешілері мен прокурорлар кіріп шыққан есігіне жақын бір жерде болғаны білдірілді.

Жарылыстың артынан атыс дауыстары естілді.

Көптеген өрт сөндіру, жедел құтқару және медициналық жәрдем топтарының аймаққа жіберілгені және аймақта ауқымды операция басталғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар