"2017 жылы Түркия және аймақта террормен одан белсенді күресеміз"

Премьер-министр Бинали Йылдырым террорға ешқандай тізе бүкпейтіндерін атап айтты.

642261
"2017 жылы Түркия және аймақта террормен одан белсенді күресеміз"

Премьер-министр Бинали Йылдырым террорға ешқандай тізе бүкпейтіндерін атап айтты.

«Бізді террор шаршата алмайды, ешкім бауырластық пен ынтымақтастығымызды бұза алмайды» деген премьер-министр Йылдырым опасыз шабуылмен байланысты мәлімдеме жасады.

Премьер-министр ауруханаға барып Стамбұл Ортакөйдегі түнгі клубты нысанаға алған шабуылда жараланғандармен әңгімелесті. Ауруханадан шыққан кезде мәлімдеме жасаған Йылдырым Жаңа жылдың алғашқы уақытында жазықсыз адамдарға қарсы қарулы опасыз шабуыл жасалғанын білдірді.

Бір террористтің клубқа басып кіріп, айналасына кездейсоқ оқ жаудыруы нәтижесінде түрік және шетелдік 39 адамды өлтіргенін, 60-дан астам адамды да жаралағанын атап көрсетті.

Террордың адамзаттың ортақ проблемасы екенін және террормен ешбір нәтиже алынбайтынын атап көрсеткен Йылдырым террордың мақсатының бірлік пен ынтымақтастықты бұзуды мақсат еткеніне назар аударды.

Түркияның біраз уақыттан бері аймақта әрі бөлшектеуші террор ұйымына (ПКК), әрі Фетуллахшы террор ұйымына (ФЕТӨ), әрі Сирия мен Иракта биліктегі кемшілікті пайдаланған террорға қарсы күрескенін атап айтқан Йылдырым «Түркия жүргізген күрестің бір беделі бар екенін білеміз. Алайда  террорға ешқандай берілмейміз. Бүгін осында жасалған террор әрекеті ертең басқа елдерге жасалуы мүмкін. Сол үшін ешбір ел қауіпсіз емес. 'Бізде болмайды' дей алаймайды. Террордың қасиеті, діні болмайды. Террорда екі ұдайылық табыс емес, тапшылық туғызады» деді.

Премьер-министр 2017 жылы Түркия және аймақта террормен одан белсенді күресетіндерін білдірді.

Йылдырым қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, жаралыларға жедел шипа тіледі.

Премьер-министр Шабуылдаушының куәлігімен байланысты бір сұраққа нәтижеге жақындағандарын, полиция және барлау ұйымының ортақ жұмыстанғанын жеткізіп жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар