Ұлттық әнұранның авторы М. Акиф Эрсой еске алынуда

Мемлекет басшылары Эрсойдың дүниеден озуының 80-ші жылдығына орай мәлімдемелер жасады.

638860
Ұлттық әнұранның авторы М. Акиф Эрсой еске алынуда

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға бағытталған әртүрлі қауіпті жою бағытында Мехмет Акиф Эрсой жазған ұлттық әнұран мен оның ұлттық келіссөз климатына бұрын-соңды болмағанша қажеттілік бар екенін білдірді.

Ердоған ұлтжанды Мехмет Акиф Эрсойдың дүниеден озуының 80-ші жылдығына орай мәлімдеме жасады.

Ұлт азаттық соғыстың ұлы тұлғасы, ұлттық әнұранның авторы, ғылым, даналық салтының ең маңызды алқаларының бірі ретінде Мехмет Акиф Эрсойдың шығармалары, өлеңдері, қажымас қайратымен қазіргі таңға сәулесін түсіргеніне назар аударған Ердоған Акифтің Чанаккале және ұлт азаттық соғыс кезінде жазған батырлық дастандарының ұлттың тәуелсіздігі мен еркіндігі тақырыбындағы тұрақтылығының, нанымының, рухани бірігудің ең жақсы көрсеткіші екенін атап көрсетті.

Ердоған «Ұлттық бірлік пен ынтымақтастықтың негізгі тақырыптарын, ұлтымыздың тәуелсіздікке құмарлығын, отан мен ту сүйіспеншілігін, күресші рухын ең жақсы түрде көрсеткен Мехмет Акифтің шығармаларын жақсы ұғып, болашақ ұрпаққа жеткізу, ұлттық және рухани құндылықтарымызға ие шығу баршамыздың міндеті. Ұлтжанды ақынымыз Мехмет Акиф Эрсойға Алланың рақымшылығын тілеймін» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмаил Кахраман болса ұлттық ақын Мехмет Акиф Эрсойдың дүниеден озуының 80-ші жылдығына орай жазбаша мәлімдеме жасады.

Кахраман мәлімдемесінде «Мехмет Акиф Эрсой ислам әлемінің азаттығының Анадолуның азаттығынан өткеніне сенген, ТҰҰМ шаңырағы астында міндет атқарған үлкен бір ойшыл және иманды бір тұлға болатын» деді.

Ұлттық әнұранның авторы ақын Мехмет Акиф Эрсой ел көлемінде әртүрлі іс-шаралармен еске алынуда.

Ұлттық әнұранға қоса, Чанаккале дастаны, Бұлбұл және Сафахат атты маңызды шығармаларымен түрік тарихына қолтаңба қалдырған Эрсой 1936 жылы 27 желтоқсан күні дүниеге көз жұмған болатын.



Ұқсас жаңалықтар