Опасыз шабуылға халықаралық қоғамнан наразылықтар келуде

Стамбұлда жасалған опасыз шабуыл себепті әлем мемлекеттерінен бірінен соң бірі наразылықтар келуде.

628207
Опасыз шабуылға халықаралық қоғамнан наразылықтар келуде

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун жасаған жазбаша мәлімдемеде террор шабуылы себепті түрік халқы мен үкіметіне және қаза тапқандардың туыс-тамырларына көңіл айтты.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг болса Стамбұлдағы террор шабуылына қатысты мәлімдеме жасап, «Одақтасымыз Түркиямен ынтымақтасамыз. Терроризмнің әртүріне қарсы соғуда табандымыз» деді.

Мәлімдемесінде қорқынышты террор шабуылын қатаң түрде айыптағанын атап көрсеткен Столтенберг «Жүрегім бомбалы шабуылда туысқандары қаза тапқандар және жаралылармен бірге соғады» деді.

Еуроодақ лауазымдылары да Стамбұлдағы террор шабуылын айыптап, Түркиямен ынтымақтастықтарын жалғастыратындарын атап көрсетті.

Түркия мүше Еуропа кеңесі жасаған мәлімдемені Бас хатшы мәлімдемешісі Даниэль Холджин жасады.

Холджин әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде «Бүкіл еуроодақтық үкіметтермен бірге Стамбұлға жасалған және жазықсыз адамдар қаза тапқан террор шабуылын айыптаймыз» деді.

Ұлыбритания атынан сыртқы істер министрі Борис Джонсон жасаған мәлімдемеде «Стамбұлдағы шабуылды айыптаймын. Ойларым оқиға ықпал еткен адамдармен бірдей. Ұлыбритания террормен күресте Түркиямен жұмыстануға дайын» деді.

АҚШ жариялаған жазбаша мәлімдеме Ақ Үй әкімшілігі Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мәлімдемешісі Нэд Прайс тарапынан жасалып, «Дұғаларымыз қаза тапқандар, олардың жанұялары және бүкіл түрік ұлтына. Түркияны, АҚШ-ты және жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндірген барлық террористтерге қарсы НАТО одақтасымыз Түркиямен ынтымақтастығымыз жалғасуда» деді.

Германия Сыртқы істер миннистрі Франк Вальтер Штайнмайер болса жасаған мәлімдемеде «Террор шабуылын қатаң түрде айыптаймыз. Түрік достарымызбен бірге аза тұтамыз. Жаралыларға жедел шипа тілейміз. Шабылды кім жасаса да қабылданбайды. Шабуылда көптеген адам нысанаға алынған» деді.

Неміс үкіметі баспасөз мәлімдемешісі Штефан Сейберт те өзінің әлеуметтік медиа парақшасынан «Канцлер Меркель опасыз террор шабуылына орай президент Ердоған мен түрік халқына көңіл айтады» деп жариялады.

Франция президенті Франсуа Олланд болса әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде «Франция бұл жаңа шабуыл себепті Түркияны толық қолдайды» деген сөздерге орын берді.

Ресей президенті Владимир Путин президент Ердоғанға жеделхат жолдап көңіл айтты.

Путин жеделхатында «Қасақана және опасыз түрде жасалған бұл террор шабуылын аыптаймын. Адамзатқа жасалған бұл шабуылдың жауапкерлері және қолдаушыларын тез арада тауып, тиісті жазаның берілетініне сенімдімін. Террористтер жасаған бұл опасыз шабуылда жаралыларға жедел түрде шипа, қаза тапқандардың жанұяларына да көңіл айтамын» деді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Стамбұлда жасалған террор шабуылын айыптап, түрік халқына көңіл айтты.

Иран сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Бехрам Касыми жасаған жазбаша мәлімдемеде террорға қарсы бірігіп күресу керектігін атап айтты.

Пәкістан президенті Мемнун Хүсейин жариялаған көңіл айту хатында шәйіттерге Алланың рақымшылығын тілеп, жаралыларға жедел шипа тіледі.

Қазақстан Республикасы мемлекет басшысы Түркия басшысына қайғырып көңіл айтты.

Түркияға жолданған жеделхатта Қазақстан Президентінің террорлық акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Заманауи сын-қатерлер өршіп тұрған алмағайып заманда біз Түркиямен бірге халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайынбыз», – делінген жеделхатта.

Қазақстан басшысы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына бауырлас қазақ халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Стамбұлдағы террор шабуылы себепті Венгрия, Грузия және Ауғанстандан да ұқсас жеделхаттар келіп түсті.

 Қырғызстан Республикасы президенті Алмазбек Атамбаев террор шабуылында қаза тапқандар үшін президент Реджеп Тайып Ердоғанға жеделхат жіберді.

Атамбаев хатында «Қырғызстан халқы бауырлас түрік халқының қайғысын бөліседі және террор шабуылын қатаң түрде айыптайды» деді.

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев болса Стамбұлдағы террор шабуылында қаза тапқандар үшін президент Ердоғанға жолдаған жеделхатта «Бұл терактіні қатаң түрде айыптаймыз. Террормен жаппай күресу керектігін ойлаймыз. Опасыз шабуылда қаза тапқандарға Алладан рақымшылық, жаралыларға шипа және жанұяларға көңіл айтамыз. Бауырлас түрік халқына өзім және Әзірбайдан халқының атынан сабыр тілейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар