Челик Еуроодақ елдердің елшілерімен кездеседі
Өмер Челик Еуропа Одағы мүшесі елдердің елшілерімен Аданада кездеседі.
Еуропа Одағы министрі және келіссөз жүргізуші Өмер Челик Еуропа Одағы мүшесі елдердің елшілерімен ертең Аданада кездеседі.
Еуропа Одағы қайнар көздерінен алынған мағлұмат бойынша Еуропа Одағы мүшесі елдерінің елшілері желтоқсан айының 8-10 күндері аралығында Адана мен Мерсинді зиярат етеді.
Еуропа Одағы министрі Өмер Челик те елшілермен Аданада берілетін кешкі қонақасында бас қосады.
Қонақасы жиналысында Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы соңғы жағдайлар қолға алынады.
Еуропа Парламентінің Еуропа Одағы мен Түркия арасындағы мүшелік келіссөздерінің уақытша тоқтатылуы шешімі де жиналыста талқыланады.
Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-та F-35 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
АҚШ-тың Нью-Мексико штатында F-35 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.
Куртулмуш Стамбул жеңісінің жылдығына орай мәлімдеме жасады
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Стамбул жеңісінің 571 жылдығына орай құттықтау жариялады.