Ердоған және Путин телефонмен сөйлесті

Екі басшы Халеб қаласында нашарлаған гуманитарлық жағдай жайлы әңгімелесті.

621024
Ердоған және Путин телефонмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған және Ресей президенті Владимир Путин телефонмен сөйлесті.

Әңгіме барысында екі басшының Халебтегі қақтығыстарды тоқтату және қаладағы жазықсыз адамдарға гуманитарлық жәрдем жеткізуді қамтамасыз ету жайлы талпыныстарды жылдамдату тақырыптарында келіскені атап көрсетті.

Сондай-ақ басшылар Түркия-Ресей арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру тақырыбында көзқарас алмасты.

Екі басшының соңғы бірнеше күннің ішінде 3 мәрте телефонмен әңгімелескені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар