Түрік қарулы күштері ПКК-ға әуе операциясы жасады

Диярбакыр және Шырнак ауылдық аймағындағы операцияда 9 террорист өлтірілді.

617428
Түрік қарулы күштері ПКК-ға әуе операциясы жасады

Диярбакыр және Шырнак ауылдық аймағына Түрік қарулы күштері жасаған әуе операциясында ПКК-лық 9 террорист өлтірілді.

Түрік қарулы күштері жасаған мәлімдемеге қарағанда Диярбакырдың Лидже ауданында анықталған нысандар дәл кезінде жойылды.

Әуе күштері қолбасшылығына қарасты соғыс ұшақтары бөлшектеуші террор ұйымының қару бекіністері мен баспаналарын жойып, 6 террористті өлтірді.

Қауіпсіздік күштері аталмыш аймақта бақылау жұмыстарын жалғастырды. Сол кезде шыққан қақтығыста да бір террористтің өлтірілгені білдірілді.

Шырнактың ауылдық аймағында да террор ұйымына қарсы әуе операциясы жасалды.

Операцияда ПКК-ның 2 баспанасы бомбаланды. Екі террористтің өлтірілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар