Турбьерн Ягланд Түркияда

Еуропа Кеңесі Бас хатшысы Турбьерн Ягланд Түркияға келді.

608406
Турбьерн Ягланд Түркияда

Еуропа Кеңесі Бас хатшысы Тубьерн Ягланд Түркияға келді.

Бас хатшы Турбьерн Ягланд астана Анкарада кеше алдымен Әділет министрі Бекир Боздағпен кездесті. Одан кейін  Чанкая Сарайында премьер-министр Бинали Йылдырым тарапынан қабылданды.

Қабылдауда Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ да орын алды.

Премьер-министр Йылдырым Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет жүйесінің 15 күнгі төңкеріс әрекетіне қарсы бірінші күннен бастап селбесу тұғыр көрсеткеніне орай Ягландқа алғыс айтты.

Йылдырым Ягландқа осы маңызды кезеңде және одан кейін де Еуропа Кеңесін Түркияның қасында көргісі келгенін, сондай-ақ ынтымақтастықты артыру жөніндегі талабын жеткізді.

Бас хатшы Турбьерн Ягланд 15 күнгі төңкеріс әрекетіне қарсы Түркияға қолдауын қайталады.

Ягланд Түркия мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың алдымыздағы кезеңде артуы үшін жалғасты жұмыс істейтінін айтты.

Одан кейін Еуропа Одағы министрі Өмер Челикпен кездескен Турбьерн Ягланд Президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан да қабылданды. 1 сағат 20 минут жалғасқан қабылдау баспасөзге жабық өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар