Ішкі істер министрлігі террормен күрес операциялары жайлы мәлімдеді

Соңғы бір аптаның ішінде 68 террорист өлтіріліп, 297 адам тергеуге алынды.

605372
Ішкі істер министрлігі террормен күрес операциялары жайлы мәлімдеді

Ішкі істер министрлігі бөлшектеуші террор ұйымымен күрес аясында соңғы бір аптаның ішінде 68 террористтің өлтірілгенін, ұйымға көмек көрсеткен 297 адамның да тергеуге алынғанын жариялады.

Мәлімдемеде террор ұйымдарымен күрес аясында соңғы 1 аптаның ішінде Жандармерия арнайы жасақтары мен Жандармерия операциялық топтары тарапынан төртеуі ауқымды жалпы 544 операция жасалғаны атап көрсетілді.

Операциялар барысында 28 террорист өлтіріліп, біреуі жаралы 6-сының тірі қолға түскені атап көрсетілді.

Сондай-ақ әуе күштері тарапынан жүргізілген операцияларда 32 террорист өлтірілді.

Террористтер тарапынан тұзақталған қолдан жасалған 26 жарылғыш пен террористтер қолданған 19 баспана да жойылды.

14 террорлық әрекеттің алды алынып, 25 қару мен 30 граната қолға түсті.

Террорға барған қаржының алдын алу үшін жасалған есірткі операцияларында 665 адам тергеуге алынды.

Заңсыз көшпен күрес аясында 122 адам тұтқындалды.

Шетелдік террористтермен күрес аясында болса тергеуге алынған ДАИШ-ке мүше 151 адамнан 28-і тұтқындалды.



Ұқсас жаңалықтар