Кеше ДАИШ-тің Сириядағы 80 нысанасы жойылды

Операция басталған күннен бері 33 мина мен мың 379 қолдан жасалған жарылғыштың жойылғаны мәлімденді.

601837
Кеше ДАИШ-тің Сириядағы 80 нысанасы жойылды

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркия басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда.

Операция аясында кешегі қақтығыстарда 3 оппозиционер шәйіт болды, 4 оппозиционер жарақат алды.

ДАИШ террор ұйымының 80 нысанасы Түрік қарулы күштері тарапынан жойылды.

Операция басталған күннен бері 33 мина мен мың 379 қолдан жасалған жарылғыштың жойылғаны мәлімденді.



Ұқсас жаңалықтар