Түркиядан Германияға көштің 55 жылдығы

55 жылда Германиядағы түріктердің саны шамамен 3 миллионға жетті.

600666
Түркиядан Германияға көштің 55 жылдығы

Түркия және Федералдық Германия апасында түріктердің жұмысшы ретінде Германияға қабылдануын талап еткен «Жұмысшы қабылдау келісіміне» 1961 жылдың 30 қазан күні Бонн қаласында қол қойылған болатын.

Арадан өткен 55 жылда Германиядағы түріктердің саны шамамен 3 миллионға жетті. Осы азаматтардың жартысына жуығы неміс азаматтығын қабылдады.

Уақыт өте Германияда саны ең көп шетелдік қоғамды қалыптастырған түріктердің балалары мен немерелері саудадан өнерге,  жергілікті және федералдық саясаттан спортқа дейін түрлі салаларда жұмыс істей бастады.

Көптеген салада шамамен 100 мың түрік кәсіпкері неміс экономикасына үлес қосуда.

55 жыл бұрын неміс үкіметінің өнер кәсіптену үдерісіне үлес қосу мақсатымен осы елге кеткен түріктер бүгінгі күні осы елдің экономикалық дамуындағы жетістікте үлкен үлестің иесі.



Ұқсас жаңалықтар