«Пешмерге ДАИШ-ке қарсы бізден көмек сұрады»

Премьер-министр Бинали Йылдырым түрік қарулы күштерінің Башиканы атқылауы жайлы мәлімдеме жасады.

595627
«Пешмерге ДАИШ-ке қарсы бізден көмек сұрады»

Премьер-министр Бинали Йылдырым түрік зеңбіректерінің Ирактың Башика ауданында пешмергемен бірге ДАИШ-ті атқылауы жайлы «Пешмерге ДАИШ-ке қарсы бізден көмек сұрады. Біз де сол жердегі зеңбірек және танктарымызбен оларға қолдау береміз» деді.

Партиясының Афионкарахисарда өткен 25-ші Жалпы кеңес және бағалау жиналысының жабылу рәсіміне қатысқан премьер-министр Түркияның басын қатыратын барлық топтарға қарсы күресін тұрақтылықпен орындайтынын атап көрсетті.

Бинали Йылдырым «Мәселеміз егер мемлекеттің мәселесі болса, онда кімнің не айтқаны біз үшін маңызды емес. Бұл күрес іштей немесе сырттай біздің мүдделерімізді нысанаға алған жағдайда, еліміздің ұлтына, отанға, бірлік пен ынтымақтастыққа, шекара тұтастығына төнген қауіптерді аямай жоямыз. Әртүрлі террорлық әрекеттеріне қарсы ел көлемінде болсын, шетелде болсын ешкімнің рұқсатына қажеттілігіміз жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар