Түркия "Мэтью" дауылынан зардап шеккен елдерге жәрдем ұсынысы жасады

Түркия «Мэтью» дауылынан зардап шеккен елдер талап еткен жағдайда жәрдем қолын созуға дайын екенін жариялады.

585703
Түркия "Мэтью" дауылынан зардап шеккен елдерге жәрдем ұсынысы жасады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Түркияның «Мэтью» дауылының Гаити, Доминикан Республикасы, Ямайка, Багам, Куба және АҚШ-тың оңтүстік шығыс штаттарында апаттың салдарынан көптеген адам қаза тауып, ауыр материалды шығынға ұшырағандарға терең қайғырғанын атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Түркия табиғи апаттан қатты зардап шеккен бір ел ретінде бұл қиын кезеңде аталмыш дауылдан зардап шеккен елдердің үкіметтері және халқымен ынтымақтастығын көрсетпек. Қажет жағдайда Түркия бұл табиғи апатқа ұшыраған елдерге жәрдем қолын созуға дайын» делінді.



Ұқсас жаңалықтар