ДАИШ босқын лагеріне шабуылдады

Вице-премьер Куртулмуш босқын лагеріне жасалған бомбалы шабуылды айыптады.

584094
ДАИШ босқын лагеріне шабуылдады

Сирияның Атме лагеріне жасалған бомбалы шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда Тәуелсіз Сирия армиясынан 30 оппозиционер қаза тапты.

Хатайдың Рейханлы ауданы шекарасындағы жарылыста шамамен 20 адам да жарақат алды.

Вице-премьер Нуман Куртулмуш бомбалы шабуылды айыптады.

Куртулмуш елді мекендерін тастап үйінен алыста өмір сүрген адамдарға жасалған бұл опасыздықтың адамзаттық қылмыс екенін білдірді.

Шабуылды әлеуметтік медиа арқылы мәлімдеме жасаған ДАИШ мойындады.



Ұқсас жаңалықтар