Түркия – ең көп босқын қабылдаған елдер арасында бірінші орында

Нью-Йоркта БҰҰ Босқын және Миграция саммиті өтеді.

571487
Түркия – ең көп босқын қабылдаған елдер арасында бірінші орында

Түркия – әлем көлемінде ең көп босқын қабылдаған елдер қатарында бірінші орында.

БҰҰ Информация орталығының Мароккодағы директоры Фетхи әд Деббаби Нью-Йоркта келесі дүйсенбі күні жоспарланған БҰҰ Босқын және Миграция саммиті қарсаңында Рабатта баспасөз мәслихатын өткізді.

«Түркия – босқын қабылдауда әлемде бірінші орында.  БҰҰ деректеріне қарағанда Түркия өткен жылдың алғашқы жартысында 1 миллион 838 мыңнан көп босқын қабылдады.  Оның артынан 1,5 миллионмен Пәкістан,  Ливан, Ирак, Эфиопия, Иордания,  Кения,  Уганда,  Чад және Судан келеді» деді ол.

Дүние жүзінде әрбір минутта 24 адамның көшкенін білдірген Деббади аталмыш жағдайға назар аудару үшін бірінші рет саммит өткізілетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар