Израиль Түркияға 20 миллион доллар құн ақы төлейді

Мави Мармара оқиғасында зардап шеккендерге 25 күннің ішінде құн ақы төленеді.

568174
Израиль Түркияға 20 миллион доллар құн ақы төлейді

Түркия мен Израиль арасында 2010 жылғы Мави Мармара оқиғасымен байланысты құн ақы төлеу жайлы келісім Ресми газетте жарияланды.

Іске қосылған келісім бойынша Израиль оқиғада қаза тапқандардың отбасына 20 миллион доллар құн ақы төлейді.

25 күннің ішінде төленетін құн ақы түрік мекемелері тарапынан таратылады.

Келісіммен Мави Мармара оқиғасына қатысты Израиль азаматтары заңды жауапкершіліктерінен құтылады.

2010 жылы 31 мамыр күні Газа секторына гуманитарлық жәрдем апарған 6 кемеге халықаралық су айдынында Израиль армиясы операция жасап, 9 түрік азаматы қаза тапқан, кемедегі ондаған активист жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар