Сирияда екі түрік әскер шәйіт болды

ДАИШ түріктің екі танкына шабуылдады.

566562
Сирияда екі түрік әскер шәйіт болды

"Евфрат қалқаны" операциясы аясында Сирияда қызмет атқарып жатқан Түрік Қарулы күштерінің екі танкына шабуыл жасалды. Шабуылда екі әскер шәйіт болып,  бес әскер жарақат алды.

Бұл туралы хабарлама Түрік Қарулы күштерінен келді. Хабарламада "Операцияның он төртінші күнінде операция аймағында террористтерге тиісті екені анықталған 44 нысанға гаубицалар атылып, толығымен жойылды. Операция басталған 24 тамыз күнінен бері барлығы 437 нысанға 1852 оқ атылды. Коалицияның әуе күштері анықтаған ДАИШ нысандары да атқыланды.  Айырықша бүгін Коалиция күштері қолдауындағы Еркін Сирия Армиясы Вукуф және Садви ауылдарын алды. Аймақта операциялар жалғасуда.  Вукуф аймағында болған қақтығыстар барысында ДАИШ TAS зымырандарымен екі танкымызға бағыттап шабуыл жасады.  Шабуылда өкінішке орай екі қаһарман қарулас жолдасымыз шәйіт болды.  Бес қаһарман әскер жарақат алды.  Жаралы әскерлер дереу тікұшақтармен ауруханаға жеткізілді. Айырықта Вукуф аймағы мен төңірегіндегі қақтығыстарда Еркін Сирия Армиясының екі қызметкері қаза тапты. Айырықша екі қызметкер жарақат алды. Сирияның солтүстігінде коалиция операцияларына өолдау берген Түрік Қарулы Күштері аймақта өмір сүретін халықтың зардап шекпеуі үшін барлық шараны қолдануда" деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар