Президент заң қызметкерлеріне үн қатты

Президент Заң жылының ашылу рәсімінде заң қызметкерлеріне үн қатты.

563181
Президент заң қызметкерлеріне үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған 15 шілде төңкерісі әрекеті жасағандар туралы «атуға» емес, «тұтқындауға» тапсырма бергендерін атап «Әй, әлем бізге қай көзбен қарайсың? Біз ұстап әділетке өткіземіз, сіздер болса ‘алаңдап қадағалаймыз’ дейсіңдер. Бұл ұлтқа қарсы әдепсіздік емес пе?» деді.

Ердоған президенттік сарайда ұйымдастырылған Заң жылының ашылу рәсімінде баяндама жасады.

Президент Ердоған сол күні түнде 241 шәйітке қарсы 30-ға жуық төңкерісшінің қаза табуына қарамастан қауіпсіздік күштеріне «төңкерісшілердің бәрін атыңдар!» деп бір тапсырма бермегенін атап көрсетті.

15 шілде түні дастан жазған түрік ұлтын мақтан тұтқанын атап айтқан президент «Түрік ұлты шынында да ұлы және асыл ұлт. Әлемде еркіндігі үшін замандас қаруларға қарсы бас көтеретін батылдыққа ие жер жүзінде басқа ұлт бар ма, білмеймін» деді.

15 шілде түні ең мықты сынақтан өткен мекемелердің бірінің де әділет мекемесі екеніне назар аударған Ердоған сот төрешілері, прокурорлар және қорғаушылардың қазір әділеттің орындалуы үшін бар күшімен жұмыстану керектігін атап көрсетті.

Рәсімде сөз алған Жоғары сот төрағасы Исмаил Рүштү Жирит төңкеріске қатысы бар Фетуллахшы террор ұйымы мүшелерінің бейтарап соттар тарапынан әділ түрде сотталатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар