Сирияда 1 түрік әскері шәйіт болды

ПКК-ның Сириядағы тармағы ПЙД террор ұйымы екі түрік танкіне шабуылдады.

560513
Сирияда 1 түрік әскері шәйіт болды

Сирияның Желабрус аймағында жалғасқан Евфрат қалқаны операциясына қатысқан екі танкке ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы ПЙД (PYD) мүшесі террористтер шабуыл жасады. Шабылда 1 әскер шәйіт болды.

Террористтердің Түрік қарулы күштеріне тиесілі танктерге граната атқышпен шабуыдауы нәтижесінде 3 әскер де шәйіт болды.

Шәйіт әскердің мәйіті және жаралы әскерлер тікұшақтармен Түркияға әкелінді.

Оқиғаның артынан террористтерге тиесілі бекіністер жойылды.

Басқа жағынан Тәуелсіз Сирия армиясының Желабрустағы ілгерілеуі Түрік қарулы күштерінің қолдауымен жалғасуда.

Түрік қарулы күштері шабуылға дәл кезінде әуе және құрлықтан тойтарыс берді.

Әуе операциясында 25 ПКК/ПЙД мүшесі террорист өлтірілді, аталмыш террорист топтар тарапынан қолданылғаны анықталған 5 ғимарат жойылды.

Террор ұйымы ПЙД-нің бақылауындағы Амарна, Айн-Әлбайда, Балабан, Бір Көсе, Хараба, әл-Хижаж және Лебис ауылдарының да Тәуелсіз Сирия армиясының бақылауына өтті.

Тәуелсіз Сирия армиясы сондай-ақ Желабрус айналасында ДАИШ-тің бақылауындағы Балверен, Захирейе және Молла Якуб ауылдарын да кері қайтарды.

Осылайша Тәуелсіз Сирия армиясы бүгін қолға түсірген 10 ауылмен бірге барлығы 29 ауылды бақылауға алды.



Ұқсас жаңалықтар