Түрік армиясының операциясына танктер де қатысады

Әскери ақпарат көздері 81 нысананың 294 рет бомбаланғанын атап көрсетті.

558271
Түрік армиясының операциясына танктер де қатысады

Түрік қарулы күштері Ортақ арнайы қызмет күші мен коалиция күштері Сирияның Халеб қаласына қарасты Желабрус аймағын ДАИШ террор ұйымынан кері қайтару үшін операция бастады.

«Евфрат қалқаны» аты берілген операцияның негізгі мақсаты шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Әскери ақпарат көздері 81 нысананың 294 рет бомбаланғанын атап көрсетті.

Аймақ «Фыртына» деп аталған гаубицалар және соғыс ұшақтарымен бомбалануда. Гаубицалар және көп тұмсықты граната атқыштарға қоса, жергілікті уақытпен сағат 04:00-де басталған зеңбірекпен атқылаудың артынан сағат 06:00 де Түрік қарулы күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары аймаққа әуе операциясы жасады.

F-16 соғыс ұшақтары Желабрус және Кеклиджедегі нысаналарды жоюда.

Операция аясында әуе күштеріне тиесілі ұшақтар 12 нысананы толығымен жойды.

Кеклидже және Желабрус аймағындағы нысаналарға бағытталған операцияға әуе күштеріне тиесіліF-16 жойғыш ұшақтары қатысады.

Әскери ақпарат көздері танк жасақтарының да Сирияға кіргенін амілімдеді.

Операция шекараны террор ұйымдарынан тазалау, шекара қауіпсіздігін арттыру және Сирияның шекара тұтастығын қамтамасыз етуді мақсат етеді.

ДАИШ-пен белсенді түрде күрескен Түрік қарулы күштерінің операциялары коалиция күштерінің аталмыш террор ұйымдарына қарсы күресіне маңызды үлес қосады.

Операциямен байланысты дипломатиялық байланыстар да жүзеге асырылды, бұл аяда Түркия Ресеймен операция жайлы ақпарат бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар