Түркияға Сириядан атылған 5 артиллерия снаряды құлады

Түркия Сирия шекарасындағы қауіпсіздік шараларын арттырды.

557578
Түркияға Сириядан атылған 5 артиллерия снаряды құлады

Сириядан атылған 3 артиллерия снаряды Килисте тегіс алаңға құлады.

Сирияның Азез аймағындағы қақтығыс алаңынан атылған артиллерия снарядтары бірнеше минут арамен қала орталығындағы тегіс алаңға құлады.

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда адам мен мүлік шығыны болмаған оқиғаның артынан аймаққа полиция топтары жіберілді.

Түрік қарулы күштері артиллерия снарядтары атылған аймақты гаубицалармен атқылады. Шекара желісіндегі қауіпсіздік шаралары да арттырылды.

Қалалық полиция басқармасы директоры Жандемир Өздемир және Жандармерия қолбасшысы полковник Гөкхан Шахин де оқиға орнына келіп ақпарат алды.

Жиналған снаряд бөлшектері тексеру үшін полиция орталығына апарылды.

Азанғы уақытта болса Газиантептің Каркамыш ауданына Сирия тарапынан 2 артиллерия снаряды құлаған болатын.

Газиантептің Каркамыш ауданына Сириядан атылған 2 снаряд құлады.

Халеб қаласына қарасты Желабрус ауданының бақылауын қамтамасыз ету үшін ДАИШ пен Тәуелсіз Сирия армиясы мүшелері арасындағы қақтығыстар бірнеше күннен бері үздіксіз жалғасуда.

Түрік қарулы күштері артиллерия снаряды атылған аймақты еселеп атқылады.

Түркия Сириядағы ДАИШ-ке тиесілі 4 нысананы 40 рет атқылады.

Басқа жағынан Сирия шекарасында соңғы күндердегі оқиғалардың артынан аймаққа батыстағы әскери жасақтар жіберілді.

Шекара желісі бойынша жедел операция күші жасақтары құрылды, жаңа зеңбірек пен әуе қорғаныс жүйелері орнатылды.

Әуе қорғаныс жүйелері мен радарлар арқылы әуеден жасалатын шабуылдарға қарсы жаңа шаралар қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар