Ердоған журналисттерге мәлімдеме жасады

Президент Газиантеп шабуылы және Фетуллах Гүленнің қайтарылуы тақырыптарына тоқталды.

556470
Ердоған журналисттерге мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Газиантепте сенбі күні той рәсімі кезінде 12-14 жасар бір жанкешті бала жасаған шабуылдың артынан 53 адам қаза тауып, 16-сы ауыр күйде 68 адамның жарақат алғанын білдірді.

Президент Ердоған Стамбұл муниципалитетін аралаған кезде журналисттерге мәлімдеме жасады.

Газиантепте кешегі лаңкестіктің Сиирт және Ван тұрғындары жиі өмір сүрген бір аумаққа жасалғанын атап көрсеткен президент қауіпсіздік күштерінің алғашқы айғақтарға қарағанда ДАИШ террор ұйымына күдіктенгенін тілге тиек етті.

«Бірлік пен ынтымақтастығымызды үздіксіз жалғастыру арқылы осы террор бәлесін жеңуіміз керек» деген президент Түркияның 15 шілде күні болғандай табысқа жететіндерін атап айтты.

Фетуллахшы террор ұйымымен (FETÖ) байланысты Түркияның 85 пакет қылмыстық-іс құжатын АҚШ-қа жібергендерін атап айтқан Ердоған АҚШ-тық лауазымдылардың папкаларды тексере бастағаны жөніндегі мәлімдемелерді қанағаттандырарлықтай емес екенін білдірді.

Қылмыскерлерді ұстап беру келісімінің орындалуын күткендерін мұны да ашық және нақты түрде АҚШ президентінің орынбасары Джо Байденге жеткізгенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар