Ердоған Адвокаттар алқасының басшысын қабылдады

"Түркия құқық мемлекеті болып қалады"

553124
Ердоған Адвокаттар алқасының басшысын қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның құқық мемлекеті болып қалатынын айтты.

Ердоған Президенттік сарайда Түркия Адвокаттар алқасы одағы төрағасы Метин Фейзиоғлу және қасындағы делегацияны қабылдады.

Ердоған осында сөйлеген сөзінде Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет құрылымының 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетінде халықтың бөле жарылмай көтеріліп,  оққа иықтасып қарсы тұрғанын айтты.

Төңкерісшілерге қарсы күрестің құқық мемлекеті шегінде жүргізілгенін атап көрсеткен Ердоған былай деді: «Адвокаттар алқасының басшылары мынаған сенімді болсын: Түркия – құқық мемлекеті,  құқық мемлекеті болып қалады. Еліміз және халқымызға соғыс ашқан төңкерісшілерге қарсы күрес бастапқы кещден бастап құқықтық мемлекет шегінде жүргізілді.  15 шілде күні түнде төңкерісшілер алдарында халықпен бірге қауіпсіздік күштері, прокурорлары және судьяларымен әділет органдарын да көрді»

Түрік ұлтының 15 шілде күні тарихи сынақтан сүрінбей өткенін айтқан Ердоған: «15 шілде күні қай нәсілден,  қай саяси көзқарастан болса болсын түрік ұлты, 79 миллион адам тарихи сынақтан сүрінбей өтті. Ешкім осы мақтан тұтарлық көрініске көлеңке түсірмеуі керек» деді.

«Төңкерісшілер қаншалықты ұждансыз,  адамгершіліктен жұрдай, санасыз қозғалған болса,  ұлт та сол сәтте соншама асыл текті, батыл,  ұстанымды болды. Осындай ұлтқа қалай ғана құрмет көрсетпеске. Бұл ұлтты маңдайынан сүю керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар