"Демократия және шәйіттер митингі" басталды

5 миллионнан астам адам қатысатын митингте төңкеріске қарсы бірлік пен тұтастық көрсетіледі.

546839
"Демократия және шәйіттер митингі" басталды

Стамбул «Демократия мен шәйіттер митингіне» дайын...

Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымның 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетінен кейін бірнеше күннен бері жалғасып келе жатқан демократия митингтерінің ақтығы Стамбулда болуда.

5 миллионнан астам адам қатысатын митингте төңкеріске қарсы бірлік пен тұтастық көрсетіледі.

«Демократия және шәйіттер митингі» үшін бірнеше сағат бұрын жүз мыңдаған адам алаңды толтыра бастады.  Йеникапыда метро стансасының қабырғасына осы әрекет болған күні жан тапсырған шәйіттердің суреттері ілінді.

Президенттік аппараттың ұйымдастыруымен өтетін тарихи митингке премьер-министр Бинали Йылдырым, Республика халық партиясы басшысы Кемал Кылычдароғлу мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы басшысы Девлет Бахчели де қатысады.

Бас штаб төрағасы,  армия генералы Хулуси Акар да қолбасшылармен бірге алаңда болады.

Айырықша митингке өнер және спорт әлемінің өкілдері де келеді.

Тарихи кездесу үшін жоғары деңгейде қауіпсіздік шаралары қолданылды.  15 мың полиция қызметкері мен 15 мың қауіпсіздік қызметкері міндет атқаратын болады.

Митинг алаңында 728 медициналық қызметкер болады. Сонымен бірге 239 шәйіт үшін 239 адамдық «Мехтеран» тобы концерт береді.

Митингке келген азаматтар 3 негізгі қақпадан алынады. Мүгедек жандарға кіретін басқа жерлер дайындалды. Қатынас үшін 7 мың автобус бөлінді.  Теңіз арқылы да 12 пункттен келуге болады. 50 теңіз көлігі күні бойы қызмет атқаруда.

Осы арада «Демократия және шәйіттер митингі» үшін президент Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министрлік твидтер есебінен шақыру жасалды.

#TekMilletTekYürek хэштэгі арқылы азаматтарға шақыру тасталды.

Сонымен бірге Түркия Радио Теледидар мекемесі  TRT Президенттік аппараттың ұйымдастырылуымен өтетін аталмыш митингін әлеуметтік медиада 7 шілде жариялайтын болады.

Теледидар арналарындағы тікелей эфирмен бірге митинг Youtube арқылы түрік,  ағылшын, француз, испан,  неміс, орыс және араб тілдерінде де жариялануда.



Ұқсас жаңалықтар