Анкараға Еуропа кеңесінің бас хатшысы келді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның демократия түсінігінен кері шегінбейтінін айтты.

544158
Анкараға Еуропа кеңесінің бас хатшысы келді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның демократия түсінігінен кері шегінбейтінін айтты.

Еуропа кеңесі бас хатшысы Турбьёрн Ягланд Анкараға келіп,  сыртқы істер министрімен кездесті.

Кездесуден кейін баспасөзге брифинг берген Ягланд: «Еуропа кеңесінің демократияға деген қолдауын көрсету үшін келдім» деді.

Еуропа кеңесі бас хатшысы Ягландтың сапарына Түркияның мән бергенін білдірген Сыртқы істер министрі де «Түркия реформа үдерісін жалғастырады» деді.

Чавушоғлу төңкеріске қарсы ұстанымы үшін Ягланд және Еуропа кеңесіне алғыс білдіріп,  Еуропа елдері және Еуропа баспасөзінің Еуропа кеңесінен үлгі алуы керектігін айтты.

Еуропа кеңесі бас хатшысы Ягланд та осы астыртын ұйымды көптен бері білетіндерін айтып, «төңкеріс әрекетін қабылдау мүмкін емес.  Халыққа оқ жаудырды.  Осы ұйымға байланысты қадамдар мұқият басылуы керек. Қажетті мекемелерде тазалық жасалуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар