Ел көлемінде қамау мен тұтқындау жалғасуда

Операцияларда қамауға алынған 36 әскер тұтқындалды. Олардың арасында жоғары шенділері де бар.

538430
Ел көлемінде қамау мен тұтқындау жалғасуда

Фетуллахшы террор ұйымы Параллель мемлекеттік құрылымға (FETÖ/PDY) бағытталған тергеу аясында ел көлемінде қамауға алулар мен тұтқындаулар жалғасуда.

Операцияларда қамауға алынған 36 әскер тұтқындалды. Олардың арасында жоғары шенділері де бар.

Тергеу аясында ұсталған Әуе логистика қолбасшылығында міндет атқаратын подполковник Эмине Гүлшен Торуноғлу Асланды да қосқанда 28 әскери Анкарада тұтқындалды.

4 шілде күні Гиресун маңында құлаған әскери тікұшақта болған Гиресун жандармерия аймақтық қолбасшысы генерал-лейтенант Доғруның ауруханадағы емінен кейін қамауға алынатыны білдірілді.

Ризе қаласында Жандармерия барлауда міндетті бір подполковник, Бартында да 8 әскер қамауға алынды.

FETÖ –нің полициядағы саласына жасалған операцияларда 123 полиция қызметкер ұсталды, 40 полиция тұтқындалды. 14 күдікті ізделіп жатыр.

117 полиция қызметкері қызметтен босатылды.

Гиресунда 11 судья мен прокурор, 5 әскери қызметкер, 30 полиция қызметкер, Білім беру министрлігінің 6 қызметкері тұтқындалды.

Бингөл Яйладере ауданының әкімі Угур Акмеше тұтқындалып, түрмеге жіберілді.

Диярбакырда жалғасып жатқан тергеу аясында 382 полиция қызметкері, білім беру министрлігіне қарасты 288 қызметкер мен 41 әскери қызметкер міндеттен босатылды.

Элазығда түсініктемелері алынғаннан кейін сотқа жіберілген 15 полиция қызметкерінің 9-ы тұтқындалды.  Алтауы криминалдық бақылау шартымен еркін жіберілді.

22 қалада 6 судья мен прокурор тұтқындалды.  873 мемлекеттік қызметкер міндеттен алынды.

Эрзхурум,  Афион, Токат, Карабүк, Күтахия, Маниса және Кайсериде 170 университет оқытушысы, 66 медициналық қызметкер мен 21 мемлекеттік қызметкер қызметтен босатылды.

Манисада 21 университет оқытушысы мен әкімшілік қызметкері,  Нигдеде 26 мұғалім ұсталды.

22 қалада төңкеріс әрекетіне қатысы бар деген себеппен 18 адам ұсталды, олардың арасында адвокаттар мен іскерлер де бар. 141 адам қамауға алынды.

Газиантеп аймақтық имамы екені алға тартылған бір күдікті кісі қызы және күйеу баласымен Бельгияға кетіп бара жатқан жерінен Кайсери әуежайында ұсталды.

 



Ұқсас жаңалықтар