Ердоған партия басшыларын президенттік сарайға шақырды

Президент Режеп Тайып Ердоған Мәжілістегі 3 партияның басшысымен бас қосады.

536727
Ердоған партия басшыларын президенттік сарайға шақырды

Президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясы төрағасы Бинали Йылдырым, Республикашыл халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу және Ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчелиді президенттік сарайға шақырды.

Президент Ердоған үш саяси басшыны төңкеріс бастамасына қарсы тұрақты ұстанымдары себепті алғысын білдіру және соңғы жаңалықтарды бағалап, ұсыныстарын алу үшін бүгін жергілікті уақытпен сағат 14:00-де президенттік сарайға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар