Сыртқы істер министрі Вашингтон пост газетіне сұхбат берді

Министр Чавушоғлу Түркияда жағдайдың бақылауға алынғанын дегенмен қауіптің толығымен жойылмағанын білдірді.

533543
Сыртқы істер министрі Вашингтон пост газетіне сұхбат берді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының артынан жағдайдың бақылауға алынғанын, дегенмен қауіптің 100 пайыз жойылмағанын атап айтты.

Чавушоғлу Вашингтон пост (Washington Post) газетіне сұхбат берді.

Сыртқы істер министрі сұхбатында «15 шілде күні бір төңкеріс бастамасымен бетпе-бет қалдық және қазір жағдай бақылау астында, дегенмен қауіп 100 пайыз жойыл деп айта алмаймыз. Бұл себепті кейбір шаралар қабылдаймыз, тергеулер жалғасуда және бұл топқа қарсы заңды кезең басталды» деді.

Чавушоғлу «Түркияның мықты қауіпсіздік құрылымы және барлау ұйымы болғанына қарамастан төңкеріс жобасынан қалай бейхабар қалынғаны» жайлы сұраққа «Бұл төңкеріс бастамасына қатысқан өте жақын адамдар жайлы айтып отырмыз. Кім екендерін анықтау онша оңай емес. 8 жылдан бері Бас Штаб Басқармасы төрағасымен бірге жұмыстанған адамның маңдайына тапанша кездегенін білесіздер. Бас Штаб Басқармасы төрағасының өзі сол кісінің бұл топқа мүше екенін білмейтін. Бұл адамдарды анықтау сол үшін қиын» деді.

Фетуллах гүлен қазір өмір сүрген АҚШ-тың Түркияның уайымдарын түсініп, түсінбегені жайлы сұраққа Чавушоғлу «Түсінуге тиісті, кезкелген бір дәлелге қажет жоқ. Джон Керриге мұның алдында 20 минуттан астам уақыт түсіндірдім. Бұл жиналыста тақырыпты өте жақсы түсінгенін және бұл топ жайлы өздерінің барлау ұйымынан одан көп мағлұмат сұрайтынын атап айтты. Президент Режеп Тайып Ердоған да жағдайды АҚШ президенті Барак Обамаға түсіндірді. Бәлкім бұл топтың қаншама қауіпті екенін ұқпайтын шығар. Өйткені Гүлен Пенсильванияда өмір сүреді. Дегенмен террор шабуылдарының артынан Гүленнің бір террорист ұйым басшысы екенін түсінулері керек» деді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу «АҚШ-тың Түркияның сұранысына күткен жауабын қайтармаған жағдайда ДАИШ-ке қарсы коалицияда Түркияның болмысы» жайлы бір сұраққа болса «ДАИШ біздің ортақ дұшпанымыз. ДАИШ Түркияны нысанаға алады. Жалғыз қалдырылсақ та ДАИШ-пен соғысуға мәжбүрміз. Өйткені олар шекараның арғы жағында. Біз ДАИШ-тің алғашқы және ең маңызды нысанасымыз. АҚШ біздің одақтасымыз және АҚШ-пен ынтымақтастығымызға үлкен мән береміз. Түркия мен АҚШ ретінде аймағымыз үшін бірге маңызды жұмыстар атқарамыз. Инжирлик әуе базамызды АҚШ пен басқа одақтарымызға аштық. Сирия мен Ирактқа тұрақтылық келуі үшін күресеміз. Көптеген ортақ мақсатымыз бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар