Қызметтен босатулар жалғасуда

FETÖ-ның 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетінен кейін Түркия көлемінде ауқымды операция басталды.

533697
Қызметтен босатулар жалғасуда

FETÖ-ның 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетінен кейін Түркия көлемінде ауқымды операция басталды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі әскери сотта міндет атқаратын барлық әскери судьялар жөнінде тергеу бұйрығын берді.

Осы аяда міндеттен алынған 362 әскери судья мен прокурордың 63-і тұтқындалды.

2 мың 843 судья мен прокурор, Атазаң сотының 2,  Яргытай жоғары сотының 140 және Даныштай жоғары сотының 48 мүшесі жөнінде де тергеу басталды.

Осылардың арасынан 979-ы тұтқындалды.  180-і криминалдық бақылау шартымен еркін жіберілді.

Төңкеріс әрекетіне байланысты қазірге дейін 118 генерал мен адмирал қамауға алынды. Бұлардың кейбірінің тергеуі жалғасуда,  бір бөлімі сотқа тапсырылды.

Жоғары оқу мекемесінің талабына орай мемлекеттік және жеке меншлік университеттердегі барлығы 1577 декан отставкасын берді. Декандардың 1176-сы мемлекеттік,  401-і жеке меншік университеттерде міндет атқаратын еді.

Жоғары оқу мекемесі екінші бұйрыққа дейін Түркия көлемінде университет оқытушыларының ғылыми жұмыстар үшін шетелге жіберілуіне де тыйым салды.

Айырықша шетелдердегі ғалымдардың жағдайы тексеріліп,  өте мәжбүр болғандар тысындағылар елге қайта шақырылды.

Премьер-министрлік және түрлі министрліктердегі міндеттен алу мен қамауға алулар жалғасуда.

Түркия мәжілісінде де жоғары деңгейдегі 8 басқарушы міндетінен алынды.  Екі басқарушының міндет орны алмастырылды.

Ұлттық білім беру министрлігінде тағы  6 мың 538 қызметкер міндеттен алынды.

Жастар және спорт министрлігінде 245 адам, Қоршаған орта және қала министрлігінде 70 қызметкер міндеттен алынды.

Дін істері басқармасында да міндеттен алынғандар бар.  3 қаланың мүфтиі, бір департамент басшысы,  бір министрлік кеңесшісі мен барлығы 492 кісі алынды.

Энергия нарығын реттеу мекемесінде де 25 адам қызметтен босатылды.



Ұқсас жаңалықтар