Түркияға халықаралық қоғамның қолдауы жалғасуда

Кейбір мемлекет басшылары презиедент Ердоғанға телефон шалды.

532402
Түркияға халықаралық қоғамның қолдауы жалғасуда

15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының алдын алған Түркияға халықаралық қоғамның қолдауы жалғасуда.

Президент Режеп Тайып Ердоған бұл аяда әріптесі Әзірбайжан президенті Илхам Алиев және Иран елбасы Хасан Руханиге қоса Германия канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй және НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен әңгімелесті.

Басшылар төңкерісті жақтамағандарын қайталап, сайлаумен билікке келген үкіметті қолдағандарын атап көрсетті.

Әзірбайжан президенті Алиев болса төңкерісті қатаң түрде айыптағанын атап көрсетті.

Президент Ердоған мен түрік халқына жақсы тілектерін білдірген Алиев, сайлаумен билікке келген үкіметтің толық қолдаушылары екендерін білдірді.

Иран елбасы Хасан Рухани болса сайланған заңды бір үкіметке қарсы төңкеріс бастамасының кешіріле алмайтынын білдірді.

Рухани үкімет және түрік халқымен ынтымақтастықтарын жалғастыратындарын жеткізді.

Германия канцлері Ангела Меркель де төңкерістің қабылданбайтынына назар аударып, сайлаумен билікке келген үкіметті қолдағандарын атап айтты.

Ұлыбритания премьер-министр Тереза Мэй де төңкеріс бастамасын айыптап, үкіметке толық қолдау бергендерін мәлімдеді.

Мэй президент Ердоған және түрік халқының төңкеріске тойтарыс бергендері және батылдықтары себепті құттықтады.

НАТО Бас хатшысы Столтенберг болса НАТО мүшесі бір елде төңкеріс бола алмайтынын және төңкеріс бастамасына рұқсат бермейтіндерін атап көрсетті.

Столтенберг сайлаумен билікке келген әкімшілікті толық қолдағандарын да білдірді.



Ұқсас жаңалықтар