Президент Ердоған CNN International арнасына сұхбат берді

"Мәжіліс қабылдаған жағдайда өлім жазасын бекітемін".

532197
Президент Ердоған CNN International арнасына сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінен өткен жағдайда өлім жазасын өзінің де бекітетінін атап айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған CNN International арнасына сұхбат берді.

Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ-нің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін бағалағанда, «Ашық түрде сатқындық қылмысы бар. Түркия ұлы Ұлттық Мәжілісі өлім жазасын қабылдаған жағдайда, мен де бекітемін» деді.

Президент Ердоған сондай-ақ FETÖ басшысы Фетуллах Гүленнің Америка Құрама Штаттарынан кері қайтару сұранысының 1-2 күннің ішінде жасалатынын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар