Чавушоғлу Боснияда

Қырғында қаза тапқан босниялық мұсылмандар еске алынады.

526797
Чавушоғлу Боснияда

Сребреница қырғынында қаза тапқан босниялық мұсылмандар үшін бүгін еске алу рәсімі өткізіледі.

Рәсімге Түркия атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қатысады.

Еуропаның ортасында бүкіл әлемнің көз алдында болған қырғынға тап 21 жыл толды.

1995 жылы болған серб қырғынының қасіреті әлі есте.

Қырғында қаза тапқан 8 мыңнан астам босниялық мұсылман үшін ұйымдастырылатын рәсімге жыл сайын болғандай биыл да он мыңдаған адам қатусыда.

Босния және Герцоговинаға барған Сыртқы істер министрі Чавушоғлуның бірінші аялдамасы Сараеводағы Ковачи шәйіттігі болды.

Боснияның бірінші президенті Алия Иззетбеговичтің қабіріне де барған Чавушоғлу артынан Юнус Эмре мәдениет орталығының көрмесін аралады. Рәсімге қатысатын министр артынан шәйіттердің аналарымен бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар