Ердоған мұсылман елдердің басшыларын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Ердоған Әзірбайжан, Сауд Арабиясы, Катар, Ирак және Босния-Герцеговина басшыларына телефон шалды.

524164
Ердоған мұсылман елдердің басшыларын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған мұсылман басшыларды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Ердоған Әзірбайжан, Сауд Арабиясы, Катар, Ирак және Босния-Герцеговина басшыларына телефон шалды.

Ердоған Әзірбайжан Республикасы президенті Илхам Алиев,Сауд Арабиясы королі Селман ибн-Абдүлазиз әл-Сауд, Катар әмірі Шехй Тамим ибн-Хамад әл-Сани және әкесі Әмір Хамад ибн Халифа әл-Сани, Ирак елбасы Фуад Масум, Босния-Герцеговина президенттік кеңес басшысы Бакир Иззетбеговичпен телефонмен әңгімелесті.

Басшыларды Ораза айт мерекесімен құттықтаған Ердоған сондай-ақ Бағдаттағы террор шабуылы себепті Ирак елбасы Масумға, Сауд Арабиясындағы террор шабуылы себепті болса корол Селманға көңіл айтты.

Басқа жағынан БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун да президент Ердоғанға телефон шалып, Стамбұлдағы соңғы террор шабуылын айыптады, қаза тапқан жазықсыз адамдар үшін түрік халқына көңіл айтты.

Пәкістан Пенджап уәлаяты басшысы Мұхаммед Шахбаз Шарифте Стамбұлдағы шабуылмен байланысты президент Ердоғанға телефон шалып, қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын және жаралыларға шипа тіледі.



Ұқсас жаңалықтар