Түркия мен Израиль келісті

Израиль құн ақы төлеуді және Түркияның Газаға гуманитарлық көмек беруін қабылдады.

518760
Түркия мен Израиль келісті

Израиль құн ақы төлеуді және Түркияның Газаға гуманитарлық көмек беруін қабылдады.

Түркия мен Израиль екі жақты қатынастарының қалыпқа енуі жөніндегі келісімге 26 маусым күні Римде қол қойылды.

Израиль 2013 жылғы наурыз айында Түркияның бірінші талабын орындап,  тарихта бірінші рет шетелдік бір елден кешірім сұраған еді.

Осы келісім аясында Түркияның қалған екі шарты да қабылданды.

Осы аяда Израиль Көгілдір Мәрмәр кемесіне жасалған шабуылда қаза тапқандардың отбасыларына құн ақы төлеуді және Түркияның Газаға гуманитарлық көмек беруін қабылдады.

Екі ел арасында келісілген келісім аясында Түркияның Газаға гуманитарлық көмек материалдары кіргізіледі және инфрақұрылым инвестициясы жүргізіледі.  Осы аяда Газа халқы үшін үй салынады және 200 орынды Түркия-Палестина Достық ауруханасы да ең қысқа уақытта қызметке беріледі.

Газа халқының ең жедел мұқтаждықтары болып табылатын электр және ауыз суы мәселесі де шешіледі. Осылайша Газаға қосымша Батыс Шерияға бағытталған Женин өнеркәсіп аймағы сынды ауқымды жобалар жүзеге асырылады.

Екі ел арасындағы келісімде Хамасқа байланысты ешбір үкім орын алмады.

Израильмен жасалған осы келісім Түркияның 2010 жылдан бері жүргізген табанды ұстанымының дипломатиялық табысы деп есептеледі.



Ұқсас жаңалықтар