Түрік Қарулы күштерінің Қызметкер заңы өзгерді

Әскерилерге терроризммен күресте жаңа өкілеттіктер беретін заң жобасы мәжілісте қабылданды.

517165
Түрік Қарулы күштерінің Қызметкер заңы өзгерді

Түрік Қарулы күштерінің Қызметкер заңы өзгерді.

Әскерилерге терроризммен күресте жаңа өкілеттіктер беретін заң жобасы мәжілісте қабылданды.

Заңның қауіпсіздік күштері тұрғысынан маңызына назар аударған Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык: «Бұл заң Түркияның демократиясын тағы бір қалам алға жылжытады.  Түркия Республикасында террористтермен күресте қызмет атқаратын Түрік Қарулы күштері қызметкерлерін өздерін сенімді сезінуі үшін өте маңызды» деді.

Аталмыш заңның бір бөлімі терроризммен күресті,  екінші бөлімі әскерлердің құқықтарын реттейді.

Осы заң арқылы Түрік қарулы күштері террормен күресте қауіпсіздік органдарына қолдау ретінде де міндет атқарады.

Әскерлердің осы аядағы міндеттеріне байланысты қылмыстары әскери қылмыс деп есептеледі.

Бас штаб төрағасы және күш қолбасшыларының міндеттеріне байланысты істеген қылмыстарына бағытталған тергеу рұқсатын премьер-министр береді.  Қалған қызметкерлер үшін Ұлттық Қорғаныс министрі және Ішкі істер министрі рұқсат береді.

Құқықтық қорғауға байланысты үкімдер уақытша ауыл қорғаушылары мен ерікті қорғаушылар үшін де жарамды болады.



Ұқсас жаңалықтар